Ақп 02, 2021 17:18 Asia/Almaty
  • Қазақстан ТМД елдерінің ядролық авария кезінде  ынтымақтастық етуі туралы келісімге қосылды

Қазақстан ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария жағдайында өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялады.

Fars News агенттігінің хабарлауынша,   Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  ратификациялаған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімі бүгіннен қолданысқа енді. Қазақстанның Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев: «Бұл келісім ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдайлар кезінде жедел құтқару топтарын, мамандарды, жабдықтарды, көлік құралдары және техникалық жабдықтар мен пайдаланылатын материалдардың трансшекаралық тасымалдауын жеңілдетеді»,- деді.

Бұл келісімнің мүшелері - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан.

 

Тегтер