Иран Қазақстанның тау-кен саласына инвестиция салуға дайын
(last modified Mon, 21 Feb 2022 17:12:11 GMT )
Ақп 21, 2022 23:12 Asia/Almaty
  • Иран Қазақстанның тау-кен саласына инвестиция салуға дайын

Иранның Сауда, кен жəне өнеркәсіп министрінің орынбасары Иранның Қазақстанда темір, боксит, қорғасын мен мырыш кен орындарына инвестиция салуға дайын екенін мəлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, Ваджихулла Джафари Теһранда Қазақстанның Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Руслан Баймишевпен кездесуінде екі елдің тау-кен өнеркәсібіне қатысты меморандумдарына тоқталып: "Екі ел арасындағы ынтымақтастық құжаттары тараптардың жіті бақылауын қажет етеді. Сол себепті меморандумдарды қайта қарастырып, келешек əріптестіктің негізі етіп алу керек",-деді.

Ваджихулла Джафари: "Ирандық компаниялар Қазақстанның "Шакия" қорғасын мен мырыш кен орнында өңдеу зауытын салуға инвестиция құйғысы келеді. Мамандар жиналысында бұл мəселе кеңірек талқыланады",-деді.

Руслан Баймишев осы кездесуде: "Бұл министрлік Иран үшін Қазақстанның тау-кен саласына кірер есігі бола алады",-деді.

Тегтер