Иран мен Қазақстанның сауда айналымы 29 пайызға артты
(last modified Mon, 20 Jun 2022 09:51:21 GMT )
Маусым 20, 2022 15:51 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның сауда айналымы 29 пайызға артты

Иран Кеден басқармасының баспасөз өкілі Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының 29 пайызға артқанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, Рухолла Латифи: «Өткен жылы Иран мен Қазақстан арасында құны 365 млн 200 мың доллар тұратын 729 мың тоннаға жуық жүк алмасылды. Өткен жылмен салыстырғанда салмақ бойынша 71 пайызға және құн тұрғысынан 29 пайызға артты»,-деді.

Латифи: «729 мың тоннаға жуық жүктің 187 млн 200 мың доллар тұратын 512 мың тоннадан астамын Иранның Қазақстанға экспорты құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда салмақ тұрғысынан 51 пайызға, құн тұрғысынан 11 пайызға артты. Қазақстаннан Иранға құны 78 млн доллар тұратын 218 мың тонна тауар импортталды. Өткен жылмен салыстырғанда салмақ бойынша 141 пайызға, құн тұрғысынан 108 пайызға өсті»,-деді.  

Латифи экспорттық тауарлар туралы: «Мал және егін шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, құрылыс материалдары, тұрмыс заттары, мұнай өнімдері, электронды жабдықтар, өнеркәсіп техникалары, сөмке, аяқ киім, киім, тау-кен өнімдері, ауыл шаруашылығы құралдары – осының барлығы өткен жылы Ираннан Қазақстанға экспортталған тауарлар болды»,-деді.

Қазақстан Президентінің Теһранға сапарымен бір мезгілде күкірт тиелген 42 вагоннан тұратын пойыз Қазақстаннан шығып, Түркіменстаннан өтіп, Гүлістан облысындағы Инче Бурун шекаралық бекеті арқылы Иранға кіріп, бүкіл елді кесіп өтіп, Батыс Әзірбайжан облысындағы Рази шекарасынан асып Түркияға бет алды.