Қазақстанда қару-жарақ пен оқ-дәрі экспорты уақытша тоқтатылды
(last modified Mon, 29 Aug 2022 10:25:19 GMT )
Там 29, 2022 16:25 Asia/Almaty
  • Қазақстанда қару-жарақ пен оқ-дәрі экспорты уақытша тоқтатылды

Қазақстан үкіметі 2023 жылдың тамыз айына дейін шет елдерге әскери өнімдерді экспортауға тыйым салды.

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен  қорғаныс өнеркәсібі комиссиясының жиналысында осындай шешім қабылданды.

Қазақстан үкіметі мұндай шешім қабылдаудың себебін түсіндірмеді, бірақ Ресей және Қазақстанның бірқатар интернет сайттары бұл шешім Ресейдің өтінішіне байланысты болуы мүмкін деп болжады. Өйткені шетелдік компаниялар сатып алған қару-жарақтар Украинаға жіберілетіні мәлім.

Кейбір ақпарат көздерінің айтуынша, Ресей мен Қазақстан басшылары Сочидегі кездесу барысында осы мәселені талқылаған, сондықтан әскери құрал-жабдықтарды шетелге экспорттауды біраз уақытқа тоқтата тұруға шешім қабылданды.   

Тегтер