Тоқаев ТМД  мүшелерінің экономикалық қатысуын кеңейтуді қуаттады
(last modified Sat, 29 Oct 2022 10:37:23 GMT )
Қаз 29, 2022 16:37 Asia/Almaty
  • Тоқаев ТМД  мүшелерінің экономикалық қатысуын кеңейтуді қуаттады

Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін қолайлы жағдай жасауға шақырды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің премьер-министрлерінің жиынында: «Қазақстан төрағалығының бір жылында көршілес елдердің 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының міндеттерін белсенді түрде жүзеге асыру жалғасады»,- деді. Қасым-Жомарт Тоқаев  халықаралық нарықтардағы дағдарыс, ұлғайып келе жатқан геосаяси қайшылықтар мен әлемдік экономикадағы күйзелістерге тоқталып: «ТМД-ға мүше елдердің экономикасы бірте-бірте жақсарып келеді, бұл тұрғыда  мүше елдердің премьер-министрлері тиімді шаралар қабылдауы керек. Транзитті дамыту және Транскаспий халықаралық көлік бағытының болашағы еуразиялық нарықтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер