Қазақстанда Цифрлық шешімдер орталығы ашылады
(last modified Mon, 12 Jun 2023 13:27:45 GMT )
Маусым 12, 2023 19:27 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Цифрлық шешімдер орталығы ашылады

Қазақстан Президенті елде Орталық Азияны тұрақты дамыту үшін БҰҰ-ның Цифрлық шешімдер орталығы ашылатынын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-ші отырысында сандық экономиканы өзгерту тақырыбына тоқталып: "Қазір күшейіп келе жатқан геосаяси текетірестер мен екіжақтылық әлемдік экономиканы өзгертті. Цифрландыру технологияда үлкен прогресс болды. Ол үлкен мүмкіндіктер тудырды",-деді.

Тоқаев сондай-ақ қазіргі таңда цифрландырудың барлық елдердің бәсекеге қабілетті болуында шешуші факторға айналғанын айтып: "2025 жылға дейін әлемдік нарықта сандық технологияны пайдалану 50 пайызға артып, 6,8 трлн долларға жетеді деп болжанып отыр",-деді.

Сандық IQ көрсеткішіне сәйкес, Қазақстан қазіргі таңда цифрландыру жылдамдығы тұрғысынан 20-шы орында тұр.