Қазақстан Ауғанстанның транзиттік мүмкіндіктерін пайдалануды қажет етеді
Қазақстан Президентінің Стратегиялық зерттеулер институтының директоры бұл елдің Ауғанстанның транзиттік әлеуетін пайдаланғысы келетінін білдірді.
IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабары бойынша, Еркін Тукумов Үндістан мен Пәкістанның миллиардтаған долларлық нарықтарына шығу үшін жақсы мүмкіндік бар және бұл жағдайда Ауғанстанның транзиттік мүмкіндіктерін жақсы пайдалануға болатынын мәлімдеді.
Орталық Азиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы аясындағы кездесуде Тукумов Астананың Нью-Дели және Исламабадпен жан-жақты ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталып, Үндістан мен Пәкістанның ұстанымы маңызды екенін айтты. Ауғанстанның нарыққа шығу транзиттік мүмкіндіктері бұл екі ел үшін маңызды болып саналады.
Қазақстанның Ауғанстанға қатысты көзқарасын өзгерткеніне сілтеме жасаған бұл қазақстандық шенеунік: «Біз Ауғанстандағы лаңкестік пен экстремизм туралы бұрын да айтқан болатынбыз, бірақ қазір бізді бұл елдің транзиттік әлеуеті көбірек қызықтырады»,- деді.