Қазақстан Талибанды қара тізімнен шығарды
Қазақстан Ауғанстанның Талибан тобын лаңкестік топтар тізімінен шығарды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш баспасөз отырысында: "Кейбір елдер Талибанды лаңкестік топ деп санамай, олармен түрлі сатыларда байланыс орнатқанын ескеріп, біз құқықтық тұрғыдан ешбір халықаралық ережені бұзбаймыз",-деді.
Қанат Тумыш: "Қазақстан халықаралық қауымдастықтың басқа мүшелері сияқты Ауғанстанда тұрақсыздық орнауының алдын алуы керек. Тек халықаралық қауымдастықтың ортақ талпыныстарының арқасында Ауғанстан халықаралық міндеттемелеріне берік тәуелсіз әрі тұрақты елге айнала алады",-деді.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасарының айтуынша, екі ел арасында сауда-саттықты дамыту үшін 3-5 тамызда Астанада Қазақстан-Ауғанстан сауда форумы өтеді деп жоспарлануда.