Қазақстанда есірткі контрабандасымен айналысатын 8 ұйымдасқан топ жойылды
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы: "Биылғы жылдың басынан бері елде есірткі контрабандасымен айналысатын 8 халықаралық және аймақтық ұйымдасқан топ жойылды",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, елде лаңкестік шабуыл жасауды көздеген бір лаңкестік топтың жұмысы залалсыздандырылғанын хабарлады.
Ермек Сағымбаев: "Осы топтың лаңкестік қылмыстарына қатысты сот алдындағы тергеу жұмыстары басталды. 3 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды ",-деді.
Ермек Сағымбаевтың айтуынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лаңкестікке қарсы орталық штабы 103 оқу-жаттығу өткізген.
Ол сондай-ақ Қазақстан Президенті елдегі ақпараттық қылмыстың жағдайы жайлы есеп берді. 5 қатерлі әлеуметтік қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды, қару-жарақтарды заңсыз тасымалдаған 2 желі жойылып, полицияның әріптестігімен 12 қару-жарақ қоймасы анықталған. Қоймадан түрлі 59 қару, 3 граната және 3339 оқ-дәрі анықталды.
Есірткі контрабандасымен күрес саласында 7 зертхана, 8 халықаралық және аймақтық желі жойылып, 660 кг-дан аса есірткі және 17 тонна есірткі шикізаты тәркіленді.
Осы аралықта мемлекеттік шекараларды қорғау және заңсыз миграциямен күресу саласында 4257 заң бұзушы ұсталып, 3,8 млрд теңдеген астам контрабандалық валюта тәркіленді.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында елдің маңызды инфрақұрылымдарына жасалған 36 млн-нан аса кибер шабуыл мен 866 DDoS хакерлік шабуыл залалсыздандырылды.