Ресей мен Қазақстан арасындағы 3 жылдық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді
(last modified Fri, 10 Nov 2023 12:46:19 GMT )
Қар 10, 2023 18:46 Asia/Almaty
  • Ресей мен Қазақстан арасындағы 3 жылдық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді

Астанада өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің кеңесі барысында екі ел арасындағы 3 жылдық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді.

 

Бұл кездесуде Путин: «Бүгін біз келіссөздердің нәтижелері бойынша Мәскеу мен Астананың өзара іс-қимылын арттыру үшін стратегиялық мақсаттарды айқындайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Сондай-ақ біз алдағы 3 жылға арналған ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындайтын бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіттік»,- деді. Ресей Президенті: «Сонымен қатар, екіжақты қарым-қатынастардың әртүрлі салаларын қамтитын 100 миллион долларға жуық бірнеше маңызды ынтымақтастық құжаттары қол қоюға дайындалды»,- деп сөзін жалғады.

Тоқаев: «Биыл екі елдің дипломатиялық қатысуы кеңейіп, жаңа дипломатиялық құрылымдар құрылды. Осыған байланысты Қазақстанның Ресейдегі өкілдіктерінің желісі Екатеринбургтегі бас консулдықпен толықты. Қазақстанның Санкт-Петербургте, Қазан, Астарханда консулдықтары ашылып, Омбыда табысты жұмыс істеуде. Жақын арада Ақтауда Ресей консулдығы ашылғалы жатыр»,- деді.

Астанаға ресми сапары барысында Ресей Президенті қазақстандық әріптесімен бейне байланыс арқылы  Қазақстан мен Ресей арасындағы 19-шы өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.

 

Тегтер