Алматыда "Ұлы жібек жолы-2023" атты халықаралық көрме басталды
Қазақстанда түрлі елдер өкілдерінің қатысуымен "Ұлы жібек жолы-2023" атты халықаралық көрме басталды.
Қазақстан Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, бұл көрмеге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Әзірбайжанның мерзімдік басылымдары, баспалары мен кітапханаларының өкілдері, сондай-ақ Түркия, Қытай мен Иранның дипломатиялық өкілдері және Қазақстан Мәдениет министрлігінің баспа ісі басқармасының қызметкерлері қатысты.
11-ші халықаралық кітап және полиграфия көрмесі аясында атақты жазушылар мен жас қаламгерлермен кездесулер ұйымдастырылып, жаңа кітаптардың таныстырылымы өтеді.
Бұл көрме Қазақстанда заманауи кітаптардың таралымын арттыру, кітап нарығында ішкі өндірушілердің орнын нығайту және полиграфия саласында жаңа технологияларды таныстыру мақсатында өткізілуде.