Тоқаев: Ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында қор құрылуы керек
Қазақстан Президенті Ядролық қаруларға тыйым салу (NPT) хаттамасына мүше елдердің конференциясына жіберген жолдауында ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында қор құру керегін айтты.
Ядролық қаруларға тыйым салу хаттамасына мүше елдердің екінші конференциясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу осы елдің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Бейбітшілік пен әділетті үйлесім үшін жаһандық бірлік" атты бастамасын баяндады.
Мұрат Нұртілеу осы конференцияда халықаралық қауымдастықтың назарын ядролық қаруларды сынаудың зарарлы салдарына аударды.
Мұрат Нұртілеу әлемде қауіпсіздікты нығайту үшін сенім тудыру шараларын кеңейтіп, диалог өткізу керегін айтты.
Мұрат Нұртілеу: "Қазақстан ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмектесу және қоршаған ортаны қалпына келтіру жобаларын қаржымен қамтамасыз ету мақсатында "Сенім" халықаралық қорын құруға ұсыныстар дайындады",-деп баса айтты.
Қазақстан Президенті тарапынан биыл қыркүйек айында БҰҰ-да жарияланған бастамада БҰҰ жарғысы, халықаралық заңдар және өзара құрмет негізінде "тең диалог" жүргізу ұсынылған.
Қазақстан Сыртқы істер министрі осы конференция аясында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен сұхбаттасты.
Антониу Гутерриш Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда, әсіресе ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларына тоқталып, Астана үкіметін осы ұйымның әлемде бейбітшілікті сақтауға бағытталған миссияларын қолдап жатқанына алғыс айтты.
Осы конференция аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Идзуми Накамицумен қарусыздану тақырыбында сұхбаттасып, Қазақстанның осы саладағы бастамалары туралы айтып, жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау режимін нығайту, ядролық қарудан ада аймақтар арасында ынтымақтастық кеңейту мәселелерін талқылады.
Осы конференцияда қатысушылар аталмыш тақырыпқа арналған келесі жиналысты 2024 жылы Қазақстанда өткізуге келісті.
Қазақстан Сыртқы істер министрі сондай-ақ Ядролық қаруларды жоюды көздейтін халықаралық кампания ICAN-ның атқарушы директоры Мелисса Паркпен кездесті.
Осы конференция аясында Қазақстан делегациясы ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмектесу және қоршаған ортаны қалпына келтіруді қолдау мақсатында екі шара өткізді.
Қазақстан Сыртқы істер министрі мен БҰҰ хатшылығының үйлестіру жұмыстарының арқасында ядролық қаруларды сынаудан зардап шеккен Қазақстан азаматтары мен Тынық мұхитындағы арал мемлекеттердің өкілдеріне осы конференцияға қатысуға жағдай жасалды.
Ядролық қаруларға тыйым салу хаттамасына мүше елдердің екінші конференциясының соңында саяси мәлімдеме жасалып, осы ұйымға төрағалық ету кезегі екі жылға Қазақстанға тапсырылды.