Ульянов: АҚШ пен Израильдің мақсаты – Иранның заіды үкіметін құлату
ParsToday- Венадағы Ресей өкілі Михаил Ульянов дүйсенбі күні Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Басқармалар кеңесінің Иран туралы төтенше отырысында АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылын айыптап:
«Вашингтон мен Тель-Авив басшыларының әрекеттері мен сұхбаттары дипломатиялық келіссөздердің Иран үкіметін құлату мақсатты жасыру болғанын көрсетеді»,- деді.
ParsToday-дың ISNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Ульянов бұл отырыста имам Хаменеидің шәһид болуына және Минабтағы қыздар мектебіне жасалған үрейлі шабуыл үшін Ресей халқы атынан Иран халқына көңіл айтты.
Венадағы Ресей өкілі сонымен ядролық бағдарламаны шешу мақсатты дипломатиялық процесс кезінде Иранға қарсы әскери шабуылдың қайталануы мәселенің саяси жолмен шешілу перспективасын жойғанына және сенімсіздік кеңістік тудырғанына тоқталып, АҚХА Басқармалар кеңесінен бұл теріс әрекетке немқұрайлы болмауға шақырды.