-
Сақшылар корпусы аймақтағы лаңкестік топтардың штабының жойылғанын мәлімдеді
Қаң 16, 2024 13:11Ислам революциясы Сақшылар корпусы сейсенбі күні таңертең 3 бөлек хабарландыру жариялап, тыңшылық штабының жойылып, Иранға қарсы лаңкестік топтардың аймақтың бір бөлігін баллистикалық зымырандарымен жойғанын жариялады.
-
Газаға қарсы соғыстың жүз күнінде 100 мың палестиналық қаза тапты
Қаң 15, 2024 19:51Еуропа-Жерорта теңізінің адам құқығына қатысты тәуелсіз ұйымы сионистік режимнің Газаға басқыншылығының жүзінші күніне қатысты есебінде: "Израильдің осы аймақтағы геноциді барысында 100 мың палестиналық қаза тапты, жараланды немесе жоғалып кетті",-деді.
-
Басып алынған жерлерде Нетаньяхуға қарсы ауқымды шеру өтті
Қаң 15, 2024 19:25Сенбі күні мыңдаған адам басып алынған жерлерде шеру өткізіп, Нетаньяхуды премьер-министрліктен алып тастауды талап етті.
-
Хайфадағы мұнай өңдеу зауыттары маңында жарылыс болды
Қаң 15, 2024 19:03Сионистік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хайфада мұнай өңдеу зауыттары маңында жарылыстың дыбысы естілді.
-
Сардар Радан: Раск ауданында лаңкестік шабуыл жасаған 4 адам ұсталды
Қаң 15, 2024 18:51Иран Тәртіп күштерінің бас қолбасшысы: "Систан мен Белучистандағы Раск ауданында бір полиция бөлімшесіне лаңкестік шабуыл жасалған түні оқиға орнында болған 4 күдікті адам ұсталды",-деді.
-
Амир Абдуллахиан Теһранда үнді әріптесін қарсы алды
Қаң 15, 2024 17:04Бүгін Теһранға іссапармен келген Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында өзінің ирандық әріптесі Амир Абдуллахианмен кездесті.
-
Лавров пен Абдуллахиан АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге шабуылдары туралы кеңесті
Қаң 15, 2024 16:48Ресей Сыртқы істер министрлігі бүгін, дүйсенбі күні осы ведомствоның басшысы Сергей Лавров пен Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианның телефон арқылы сұхбаттасқанын хабарлады.
-
Палестина қарсыласу күштері Газа секторының солтүстігінің жартысын өз бақылауына алды
Қаң 15, 2024 16:18Сионистік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Палестина қарсыласу қозғалысының жауынгерлері соңғы күндері ілгерілеп, Газа секторының солтүстігінің жартысын өз бақылауына алды.
-
Насролла: Соғысқа дайынбыз, ештеңеден қорықпаймыз
Қаң 15, 2024 15:51Ливан Хизбулласының бас хатшысы осы партияның бұрынғы қолбасшысы шәһид Весам Хасан Тавилді еске алу рәсімінде: "Газа халқының сионистік режимнің басқыншылықтарына жүз күн төтеп беруі – аңызға тең оқиға. Газа халқы жеңілмейді, тізе бүкпейді",-деді.
-
Йеменге шабуыл АҚШ-тың шынайы болмысын көрсетті
Қаң 15, 2024 15:18Иран Президенті әлем елдері үшін халықаралық кеме қатынасы жолдарының қауіпсіздігін сақтау саясатын ұстану керегін баса айтып: "Йеменге шабуыл АҚШ-тың адамзатқа қарсы және агрессивті болмысын көрсетті",-деді.