-
Зарғами Газадағы сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату туралы ЮНЕСКО-ға хат жазды
Қар 07, 2023 14:05Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі ЮНЕСКО-ның Білім, ғылым және мәдениет ұйымының бас директорына жолдаған хатында бұл ұйымның басып алынған жерлерді, әсіресе Газадағы туындыларды, орындарды және мәдени мұраларды қорғау үшін шұғыл әрекет етуін талап етті.
-
Иран Сыртқы істер министрі: Америкалықтар соңғы 3 күнде атысты тоқтатқысы келетіндері туралы хабарлама жіберді
Қар 07, 2023 13:22ИИР Сыртқы істер министрі соңғы 3 күнде американдықтардың Газа секторында атысты тоқтату жол іздейтіндері туралы хабарламалар жібергенін, бірақ іс жүзінде тек жаппай өлтіру мен геноцидті қолдайтынына тоқталып, АҚШ-тың мүмкіндігінше тезірек саясатын өзгертіп, басқыншылықты қолдауды тоқтататынына үміттенді.
-
Иран мен Мысыр Сыртқы істер министрлері Палестинадағы оқиғалар туралы пікір алмасты
Қар 07, 2023 13:09ИИР мен Мысыр Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлескен кезде Палестинадағы қазіргі оқиғаларды талқылады.
-
Иран Президенті: Палестиналықтарды өлтірудің жалғасуы әлемге әсер етеді
Қар 07, 2023 13:02ИИР-ның Президенті Иранның тез арада атысты тоқтату, қоршауды жою және Газаның езілген халқына көмек көрсету жолындағы кез келген жаһандық ортақ күш-жігерді қолдайтынына тоқталып, Палестина халқының өлтірілуі әлемнің барлық азат елдерінің қанын қайнатқанына және бұл өлтірудің жалғасуы трансаймақтық салдарға әкелетінін қуаттады.
-
Ислам революциясының жетекшісі: Сионистерге қысымды күшейту үшін Ирак ислам әлемінде айрықша рөл ойнай алады
Қар 06, 2023 20:46Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Ирактың Премьер-министрі Мұхаммед Шиа Судани бастаған делегациямен кездесуінде Ирак үкіметі мен халқының Газа халқын қолдауда мықты позиция ұстанып отырғанына алғыс айтып, Газа халқын қырып-жоюды тоқтату үшін ислам әлемінің АҚШ пен сионистік режимге саяси қысымдарын арттыру керегін айтып: "Ирак аймақта бір маңызды ел ретінде бұл салада айрықша рөл ойнап, араб дүниесі мен ислам әлемінде жаңа стратегия тудыра алады",-деді.
-
Газаға құрлықтан шабуыл барысында сионистік режимнің адам шығыны артты
Қар 06, 2023 13:37Сионистік режимнің армиясы Газаға құрлықтан шабуыл барысында 31 әскери қаза тауып, 260 адам жараланғанын хабарлады.
-
Ирак пен Сирияда АҚШ-тың 3 базасына шабуыл жасалды
Қар 06, 2023 13:30Ирак ақпарат көздерінің айтуынша, Ирактың солтүстігі мен батысы және Сирияның шығысындағы АҚШ базаларына зымыран және дронмен шабуыл жасалды.
-
Иордания Газаға парашютпен жедел медициналық көмек жіберді
Қар 06, 2023 13:19Иордания королі жексенбі күні түнде Газаға парашютпен жедел медициналық көмек жіберілгенін хабарлады.
-
Түркия АҚШ Мемлекеттік хатшысын салқын қарсы алды
Қар 06, 2023 13:05Кеше кешке Түркия астанасына келген АҚШ Мемлекеттік хатшысын тек Анкара әкімі мен осы елдегі АҚШ елшісі қарсы алды.
-
Иран мен Ирактың ортақ ұстанымы: Газаны бомбалау доғарылып, атысты тоқтату бітімі орнауы тиіс
Қар 06, 2023 12:43Раиси Ирак Премьер-министрімен ортақ баспасөз конференциясында: "Екі елдің Палестина мәселесіне қатысты ұстанымы бір. Біз ортақ ұстанымдарымызды талқыладық. Газада бомбалау, жаппай қырып-жою және балаларды өлтіру тез арада доғарылып, атысты тоқтату бітімі орнатуы тиіс деген сенімдеміз",-деді.