-
Палестина қарсыласу күштерінің операцияларында кем дегенде 100 сионист, соның ішінде бірнеше сарбаз қаза тауып, 800-ден астамы жараланды
Қаз 07, 2023 17:44Израиль телеарнасының 12 арнасы Палестина қарсыласу күштерінің операцияларында кем дегенде 100 сионистің, соның ішінде бірнеше сарбаздың қаза тауып, 800-ден астам адамның жараланғанын хабарлады.
-
Иранның Орталық банкі Люксембургтегі Иранның валюталық ресурстарынан 1,7 миллиард долларына қол жеткізді
Қаз 07, 2023 16:29ИИР Орталық банкісі хабарламасына сәйкес, Люксембург Жоғарғы Сотының үкімінің шығуымен Иран Орталық банкінің осы елдегі бір миллиард 700 миллион доллар баламасы шетел валютасындағы активтеріне қол жеткізу мәселелері шешілді.
-
Еуропарламент Әзірбайжанды этникалық тазарту жасады деп айыптады
Қаз 07, 2023 16:22Еуропарламент өкілдері Әзірбайжанды Таулы Қарабақ аймағында армян халқына қарсы этникалық тазарту жүргізді деп айыптап, Еуропа елдерінен Бакуге эмбарго салуды сұрады.
-
Қарабақ босқындарының 99 пайызы Арменияда тіркелген
Қаз 07, 2023 16:19Армения үкіметі Таулы Қарабақтан қашып, осы елге келген армяндардың 99 пайыздан астамы тіркеліп, оларға алғашқы төлем жасалғанын хабарлады.
-
Ресей армиясы Украинаның шығысындағы Кобянск осіне шабуылын жалғастырды
Қаз 07, 2023 15:46Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, ресейлік жойғыш ұшақтардың өткен аптада Украинаға 14 әуе шабуылы жасағанын хабарлады.
-
Кемінде 53 израильдік тұтқынға алынды
Қаз 07, 2023 15:16ХАМАС-пен байланысы бар дереккөз Палестина қарсыласу күштерінің операциялары кезінде кем дегенде 53 израильдіктің, оның ішінде бірнеше сарбаздың тұтқынға алынғанын және Газа секторына жеткізілгенін хабарлады.
-
Сионистік режим армиясының ақпарат хатшысы: Палестина командостары жаулап алынған аумақтардағы қалаларға әуе, құрлық және теңіз арқылы соңғы жасалған шабуыл кезінде енді
Қаз 07, 2023 14:53Yediot Aharonot-тың мәліметінше, ол: "Теңізден шағын қайықтар, әуеден парапландар келді және ондаған палестиналық жауынгер Израиль елді мекендерін Газадан бөліп тұрған қоршаулар арқылы кірді. Бұл қоршаулар әуелі жарылып, кейін Палестина әскерлері еніп кеткен. Басқа қарсылық күштері жерасты туннельдері арқылы енген",- деді.
-
Әл-Ақса дауылы операциясында кемінде 22 израильдік қаза тапты
Қаз 07, 2023 14:12Сионистік режимге қарсы «әл-Ақса дауылы» операциясының жалғасуымен жаңалықтар басып алынған Палестина тұрғындарының (израильдіктердің) кем дегенде 22 мерт болғанын көрсетеді.
-
Сионистік армия радиосы: ХАМАС шамамен 35 израильдікті тұтқынға алды
Қаз 07, 2023 13:49Сионистік армияның радиосы қарсыласу күштерінің бүгін таңертеңгі операция барысында шамамен 35 сионисті тұтқындағанын хабарлады.
-
Зымырандық шабуыл; Израиль телеарнасының «Әл-Ақса дауылының» басталуы туралы баяндауы
Қаз 07, 2023 13:27Сионистік телеарна бүгін таңертең Палестина қарсыласуының зымырандық шабуылын 2008 жылдан бері болмаған және ең қарқынды зымырандық шабуылдардың бірі деп сипаттады.