Айып іздеуші де, масқаралаушы да болмайық
(last modified Sun, 26 May 2024 12:01:03 GMT )
Maм 26, 2024 18:01 Asia/Almaty
  • Айып іздеуші де, масқаралаушы да болмайық

Құранның түрлі нәсіл өкілдерінің тату тіршілігі үшін берген кеңесі. Ирандық ақын Моулави өз туындысында пайғамбардың сөзін түсіндіріп: "Кейбір адамдар өзгенің кемшіліктерін ашық айтады, бірақ өз кемшіліктерін байқамайды",-деді.

Алла тағала 49-шы "Хужурат" сүресінің 11-аятында былай дейді:

یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا لَا یَسْخَرْ قَوْمٌ مِنْ قَوْمٍ عَسَى أَنْ یَکُونُوا خَیْرًا مِنْهُمْ وَلَا نِسَاءٌ مِنْ نِسَاءٍ عَسَى أَنْ یَکُنَّ خَیْرًا مِنْهُنَّ وَلَا تَلْمِزُوا أَنْفُسَکُمْ وَلَا تَنَابَزُوا بِالْأَلْقَابِ بِئْسَ الِاسْمُ الْفُسُوقُ بَعْدَ الْإِیمَانِ وَمَنْ لَمْ یَتُبْ فَأُولَئِکَ هُمُ الظَّالِمُونَ.

Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер, әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер; жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін сүркей ат нендей жаман. Ал кім тәубе қылмаса, міне солар залымдар. (11)

 

Адам мен адамзат қоғамы үшін жағымсыз қасиеттердің бірі мынау: Адамдар бір-бірін, жеке-жеке де, нәсілдік жағынан да мазақ етуге әдеттенген. Бұл топтар әдетте өздерінің кемшіліктерін көрмейді, бірақ басқалардың кемшіліктерін көреді. Бейсаналық немесе саналы түрде олар өздерінің кемшіліктерін жасыру үшін басқалардың кемшіліктерін айтады. Немесе олар басқа нәсілдің не адамның кемшілік болып саналмайтын ерекшеліктерін айтуы мүмкін. Бірақ мұны қорлау үшін пайдаланады. Сондықтан Алла тағала адамдарды тәрбиелеу және олардың бірге өмір сүруіне көмектесу мақсатында, әсіресе басқа адам жақсы болса, ешқашан бір-біріңді мазақ етіп, қорламауды бұйырады.

Мазақ ету қорлаудан да жаман. Өйткені қорлауда адамның тек жағымсыз қасиеттері айтылады. Бірақ адамның болмысын келемеждегенде ол ойыншыққа айналады.

Алланың тағы бір кеңесі – бір-біріңнен мін іздемеңдер. Пайғамбар "Өз кемшілігін білгендіктен басқалардың қателігінен алшақтаған адам бақытты" деген.

Ирандық ақын Моулави өз туындысында пайғамбардың сөзін түсіндіріп: "Кейбір адамдар өзгенің кемшіліктерін ашық айтады, бірақ өз кемшіліктерін байқамайды",-деді.

Ирандық ақын әрі хәкім Низамидың кеңесі бойынша, жақсылық пен өнерге ие болу үшін шамаң келгенше жақсылықты ізде.

Алла тағаланың тағы бір бұйрығы бойынша, бір-біріңді жаман атпен атамаңдар және бір-біріңе қолайсыз аттар қоймаңдар. Өйткені Алланың құлына пәк есім берілгеннен кейін оны нашар атпен атау қандай жиіркенішті.

Аяттың соңында Алла тағала рақым білдіре келіп, былай дейді: Ей иманды адамдар, бұларды жасамаңдар. Ал егер бұрын мұндай қателіктер жасаған болсаң, енді Алла саған оның жиіркенішті екенін хабарлаған соң, тәубе ет. Әйтпесе залымдардың қатарынан боласың. Қатыгездік – күнә. Егер солай істеуін қоймаса, ол адамды иманнан айырады. Ал зұлымдық күпірлікпен бірдей деуге болады: "Әй мүміндер! Сендерге берген несібемізден саудаласу, достық, болысушылық болмайтын бір күннің келуінен бұрын Алла жолында жұмсаңдар. Ал қарсы болушылар, олар залымдар"("Бақара" сүресі, 254-аят).

Қазіргі таңда халық арасында кең тараған, көбіне ел ішіндегі және сыртындағы этностар мен ұлттарды келемеждеп, мін іздеуге бағытталған әзілдер мен әжуаларға Алла тағала азды-көпті тыйым салған. Ал мұндай әзілдерді айтудың жалпы ережесі – ешкімді ренжітіп алмау. Бір ұлтқа жағымсыз қасиеттерді телу жақсы емес. Ал кішкене күлкі мен әжуаның өзі көптеген түсініспеушілік пен реніш, кейде өшпенділік пен дұшпандық тудыруы мүмкін.

Түптеп келгенде, Алла Тағаланың өзі бір ұлтты немесе жеке адамды бір күнә үшін кінәласа, ол мазақ ету және мін іздеу үшін емес, басқаларға тәлім-тәрбие беру, адамдарды сол қателіктен аулақ болуға шақыру үшін айтқанын білу керек.

Дереккөз: Құрандағы сұхбаттың 365 күні. Хұсейн Илахи Қомша, 1390

Тегтер