Ислам пайғамбары тірі болса, бүгінгі күн туралы не ойлар еді? Пайғамбар мен имам Хұсейн қазір неге наразы?
(last modified 2024-07-18T14:07:09+00:00 )
Шіл 18, 2024 20:07 Asia/Almaty
  • Ислам пайғамбары тірі болса, бүгінгі күн туралы не ойлар еді?   Пайғамбар мен имам Хұсейн қазір неге наразы?

Хазірет Шәһидтер жетекшісінің (ғ.с.) Ашура қозғалысы кезіндегі ұстанымдары мен ілімдері бүгінгі күнге дейін исламдық қарсыласу күштерінің бағыт-бағдары мен әрекеттеріне әсер етті.

Кербала – бұл көрегендік пен жағдайды тану сыныбы. Адам қазіргі уақытта ең қолайлы нәрсенің не екенін біледі ме? Имам Хусейннің (ғ.с.) серіктері толғанған білім. Pars Today басылымының осы мақаласында біз осы маңызды мәселенің бір қырын және басқа да ойларды қарастырдық.

Хижраның 61-ші жылының Ашура күні имам Хұсейнің (ғ.с.) қозғалысы және Ашура күні жерге төгілген қасиетті қан  ақиқатты өтіріктен айыратын жол көрсетуші ретінде тарихқа еркіндік пен адамзаттық өлшемдерді ұсынды. Басқаша айтқанда, имам Хұсейн (ғ.с.) тарихи және жан-жақты болмысты анықтап, насихаттап, онымен мұсылмандардың (соның ішінде шиіттер мен сүнниттердің) болмысын ғана емес, сонымен қатар христиандар мен индустар сияқты басқа діндерге сенушілердің болмысын қайта анықтап, тереңдете түсті.  Әрине, исламдық бірлікте көптеген факторлар әсер етті, бірақ мұсылмандардың Әһли Бәйтке сүйіспеншілігі    Пайғамбардың миссиясының жемісі және исламдық болмысты сақтаудың кілті ретінде орталық рөл атқарды.

Кейбір зерттеушілер Әһл-Бәйт пен шииттер қозғалысының басталуын мұхаррам айының 10-шы күнінен бастап қарастырады. Ашурадан кейін зұлымдық пен жемқорлыққа қарсы исламдық қарсыласу қозғалыстары басқа реңкке ие болды. Әйгілі «Барлық күндер - Ашура және бүкіл жер - Кербала» деген сөз осы көзқарасқа қатысты. Иранның Ислам революциясында да, Батыс Азияның қарсыласуында да, әсіресе Палестинаның езілген халқының исламдық және діни қозғалысында да көрінген мәселе. Осы тұрғыда шәһид ұстаз Мұртаза Мұтахари өзінің Пехлеви режимі тарапынан тұтқындалуына себеп болған 1390-жылдың Ашура күні сионизмге қарсы жасаған тарихи баяндамасында былай дейді: «Алланың және Алланың Пайғамбарының алдында құнды болғыңыз келе ме? Дүние жүзіндегі халықтардың алдында құнды болғыңыз келсе де, шығыс блок та, батыс блок та сізбен санасатындай болғыңыз келеді ме,   жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыйыңыз, ынтымақ пен жанашырлыққа ие болыңыз, Ислам бауырластығын жандандырыңыз, надандықтан, әлсіздіктен, жалқаулықтан аулақ болыңыз. Бұл надандық пен салғырттық бағдарламалар не үшін? Себебі сен білмейсің, түсінбейсің, әлсізсің, күшің жоқ.

Ислам пайғамбары тірі болса, бүгінгі күн туралы не ойлар еді? Ант етемін, бүгін ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) өзінің қасиетті жерінде еврейлерге қарап алаңдайтын еді. Міне, осы жағдай бүгін ардақты Пайғамбар мен Хұсейн бин Әлидің жүректерін қан жылатты. Біз өзімізді және Хұсейн бин Әлиді аза тұтуымызды бағалағымыз келсе, Имам Хусейн (ғ.с.) тірі болса, «менің азамда қандай ұран айтып жатырсыңдар?» деп сұрайтыны туралы ойлану керек. «Мені жоқтап, шынжыр таққыңыз келсе, бүгінгі ұраныңыз Палестина болуы керек. Бүгінгі Шемр Израильдің премьер-министрі Моше Даян. Шемр 1300 жыл бұрын өлді,  бүгінгі «Шемрді» біл» деп айтатына күмін жоқ.

 

Пайғамбар шариғатын сақтау үшін қозғалыс

Имам Хұсейн (ғ.с.) шәһид болуымен шариғатты сақтап қалды және шариғатты сақтау арқылы Ислам үмбетінің  бірлігін сақтап қалды. Ол (ғ.с.) Язидке қарсы тұрса да, соғысты бастамады. Олар оны шақырғанда, ол (ғ.с.) шақыруды қабыл алды, ал шақырушылар оған теріс қараған кезде, имам Хусейн (ғ.с.) Мәдинаға оралуды ұйғарды. Олар оның жолын жауып тастағанда, ол өзін қорғады.

Тамим бин Қахтабаның шайқас кезіндегі «Әй, Әлидің ұлы! Қашанға дейін дұшпандығыңызды жалғастырғың келеді?» деген сұрағына имам Хұсейн (ғ.с.)  былай деп жауап берді: «Мен сендермен соғысуға келдім бе? Әлде менімен соғысқа сендер келдіңдер ме? Мен сендердің жолыңды жауып тастадым ба? Әлде менің жолымды бөгеп, бауырларымды, балаларымды өлтірген сеңдер емес пе?»

 

Күмәнге жауап

Муавияның ұлы Язид Мәдинаның әкімі  Уәлид бин Уқбаға  «Егер Хусейн (ғ.с.) ант етпесе, дереу оның басын денесінен кесіп ал» деп бұйырды. «Басты денеден бөлу» саясаты имамның қадамы емес, Язидтің ақылсыздығының нәтижесі болды. Өйткені Язид бұл бұйрықты Мәдинадағы өкіліне бергенде, имам Хұсейннің (ғ.с.) тарапынан ешбір әрекет жасалмаған еді. Сондықтан «имам Хұсейннің шығуы фитна мен бүліктің үлгісі болды» немесе «Хұсейн жолға шығып, үлкен қателік жасады», өйткені оның шәһид болуымен Ислам үмбеті әлсіреп, бөлініп, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан қақтығыстың ірге тасы қаланды» деген сөздер дұрыс емес. Бұл сөздердің орынсыздығы соншалық, сүннит ғалымдары да қарсылық білдіріп, оны жоққа шығарды.

Тегтер