-
АҚШ Конгресі полицияның нәсілдік кемсітушілікпен кісі өлтіру әрекеттерін тексеруді сұрады
Maм 29, 2020 14:12АҚШ Конгресі заңның кемсітушілікпен орындалуының қоғамдық сенімнен айыратыны туралы ескерту жасап, әсіресе соңғы күндердегі полицияның нәсілдік кемсітушілікпен кісі өлтіруін тексеруді талап етті.
-
АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жеңілдіктердің күшін жойды
Maм 28, 2020 12:50АҚШ 2018 жылы 8 мамырда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Иранға қарсы ядролық санкцияларды күшіне енгізді. Санкциялар біржақты әрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы еді. Вашингтон кейбір жеңілдіктерді, соның ішінде Иранның ядролық әріптестігіне берілген рұқсатты сақтауға мәжбүр болғанымен енді оны да тоқтатты.
-
АҚШ Солтүстік Кореядан ядролық қарудан бас тартуды сұрады
Maм 27, 2020 16:57АҚШ Ұлттық қауіпсіздік істері жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен Солтүстік Кореядан «экономикалық ұпай» деп атаған нәрсесі үшін ядролық қарудан бас тартуды сұрады.
-
Боррель АҚШ-тың әлемді билейтін уақыты аяқталғанын мойындады
Maм 26, 2020 14:212017 жылдың 20 қаңтарында Дональд Трамптың АҚШ-тың жаңа президенті ретінде билік басына келуі АҚШ-тың біржақты саясатын жандандырды. Трамп «Бірінші – АҚШ!» деген ұранымен елінің мүдделері мен мақсаттарын басты орынға қоюымен бірге күш көрсету және өзімшіл саясаттары АҚШ-тың күш-қуатын арттырып, осы елді әлемдік көшбасшы еткені туралы уәж айтты. Бірақ бүгінде оның бұл уәждері шынайы күдік-күмәнмен бетпе-бет келді.
-
Болтон: Иран бензинінің Венесуэлаға тасымалдануы алаңдаушылық тудырады
Maм 25, 2020 13:49АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы кеңесшісі Болтон Иран бензинінің Венесуэлаға тасымалдануын Вашингтон үшін алаңдаушылық тудыратын жағдай деп атады.
-
Рухани Америкаға Иран мен Венесуэланың теңіз саудасына араласуына қатысты ескерту жасады
Maм 24, 2020 15:41ИИР Президенті америкалықтардың Кариб теңізіндегі әрекеттеріне тоқталып: «Егер ирандық танкерлер Кариб теңізінде немесе әлемнің кез келген жерінде америкалықтар тудырған қиындықтармен бетпе-бет келсе, олар да қиындыққа ұшырайды»,- деді.
-
Зариф: АҚШ сионистік режимнің Палестинадағы қылмыстарына ортақ
Maм 23, 2020 12:20ИИР Сыртқы істер министрі Зариф Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқына қолдау көрсетуді бүкіл адамзаттың міндеті деп атап: «АҚШ, әсіресе бұл елдің қазіргі үкіметі сионистік режимнің бүкіл қылмысына ортақ»,- деді.
-
АҚШ-та соңғы 24 сағатта 28 000 адам коронавирус жұқтырып, 1400 адам көз жұмды
Maм 22, 2020 13:15Осы статистиканы қосқанда АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 1620902 адамға жетті. Олардың ішінде 96354 адам көз жұмды.
-
Палестина сионистік режим және АҚШ-пен қарым-қатынасын іс жүзінде тоқтата бастады
Maм 21, 2020 14:59Палестина автономды құрылымының Премьер-министрі сионистік режим және АҚШ-пен қарым-қатынасын тоқтатату үшін практикалық бағдарламаның басталғанын хабарлады.
-
Журналист Трамптың Твиттердегі белсенділігіне тыйым салуды сұрады
Maм 21, 2020 13:39Америкалық ақпарат арнасының жүргізушісі әлемнің тыныштығын сақтау үшін АҚШ Президентінің Твиттердегі белсенділігіне тыйым салуды сұрады.