-
Суреттер сөйлейді: Исфаханның Нақш-е Джахан алаңы
Шіл 10, 2023 14:14Имам алаңы деп те аталатын Нақш-е Джахан алаңы Исфахандағы ең әдемі орындардың бірі болып табылады. Негізінде бұл қаланың көптеген көне ғимараттарының жиыны Нақш-е Джаһан алаңында.
-
Камалванди: Батыс елдері ядролық келіссөздер оларға маңызды емес деп өтірік айтады
Маусым 16, 2023 15:52Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі: "АҚШ пен Батыс елдері ақпарат құралдарында оларға ядролық келіссөздер маңызды емес деп мәлімдейді, бірақ бұл өтірік",-деді.
-
Рамазан айында Исфаханның Чаһарбақ мәдени көшесінде Құран аяттары оқылып жатыр
Нау 30, 2023 11:48Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Рамазан айында Исфаханның Чаһарбақ мәдени көшесінде "Нұрлы аяттар" атты Құран оқу рәсімі өтіп жатыр. Исфаханның ораза ұстаған тұрғындары, әсіресе балалар осы рәсімге ыстық ықылас білдірді.
-
Иран: Исфаханның "Си-о-се" және "Хаджу" көпірлері
Нау 28, 2023 13:47Жыл сайын Наурыз кезінде жолаушылар Исфаханның түрлі тарихи-туристік ғимараттарын аралайды. Биыл да туристер Исфаханға көп барды. Заяндеруд өзенінің үстіне салынған "Си-о-се" және "Хаджу" көпірлері ерекше ықыласқа бөленді. Исфахан халық арасында "Жарты әлем" деген атпен әйгілі. Шетелдік туристер арасында да айрықша танымал.
-
Аташкаде – Натанз қаласындағы 3 мың жылдық тарихы бар ғимарат
Ақп 13, 2023 14:25Сасанилер аташкадесі немесе Натанз отқа табыну орны "Натанздың төрт аркасы" деп те аталады. Бұл көне тарихи ғимарат Исфахан облысының Натанз ауданында орналасқан.
-
Иран сионистік режимнің жауластық әрекеті мен Украинаның арандатушы ұстанымына реакция білдірді
Ақп 02, 2023 17:06Иранның БҰҰ-дағы елшісі Амир Саид Иравани сәрсенбі күні Исфахандағы Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендеріне жасалған лаңкестік шабуылдарға реакциясында БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хат жолдап: "Бастапқы тексерістің нәтижесі көрсеткендей, сионистік режим Иранның орталық бөлігіндегі Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендеріне жасалған лаңкестік шабуылдарға жауапты. Бұл режимнің әрекеті халықаралық заңдарға қайшы, сондықтан қатаң айыпталады",-деді.
-
Теһрандағы Украина елшісінің міндетін атқарушы Иран СІМ-ге шақыртылды
Қаң 30, 2023 17:40Украина Президентінің кеңесшісі Иранның ішкі ісіне араласып, текетірес тудыратын сөздер айтып, Исфаханда Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешеніне жасалған шабуылға өз елінің қатысы барын қабылдағаннан кейін Теһрандағы Украина елшісінің міндетін атқарушы Иран СІМ-ге шақыртылды.
-
Исфаханда бір әскери орталыққа сәтсіз шабуыл жасалды
Қаң 29, 2023 19:39Иран Қорғаныс министрлігі: "Сенбі күні кешке Исфаханда осы ведомствоға тиесілі өнеркәсіп кешендерінің бірі дрондардың шабуылына ұшырады. Дрондардың бірі әуе-қорғаныс жүйесі тарапынан құлатылса, екеуі қорғаныс қақпанына түсіп жойылды",-деп мәлімдеді.
-
Исфаханда Иран Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендерінің біріне шабуыл сәтсіз аяқталды
Қаң 29, 2023 17:19ИИР Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде: "Сенбі күні кешке Исфаханда осы ведомствоға тиесілі өнеркәсіп кешендерінің бірі дрондардың шабуылына ұшырады. Дрондардың бірі әуе-қорғаныс жүйесі тарапынан құлатылса, екеуі қорғаныс қақпанына түсіп жойылды",-деді.
-
Грек-рим күресінен әлем клубтарының жарысын өткізу мәртебесі Исфахан қаласына берілді
Қаң 16, 2023 15:36Исфаханның "Фулад-е Мобараке Сепаһан" клубы грек-рим күресінен әлем клубтарының жарысын өткізетін болды.