-
Велаяти: Астана келіссөздері Сирия үкіметі мен халқының жеңісінің нәтижесі болып табылады
Қаң 18, 2017 18:42Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Қазақстанның елордасы Астанада өтетін алдағы келіссөздерді Сирия үкіметі, халқы және одақтастарының жеңісінің нәтижесі деп атады.
-
Сирия Сауд Арабиясы мен Катарды Астана отырысына қатыстырмау қажеттігін қуаттады
Қаң 18, 2017 18:29Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясы мен Катардың Астана отырысына қатысуына қатысты айтқан сөзінде: «Лаңкестікті демеуші елдер мен лаңкестерді күшейтіп, жабдықтаушы адамдарға Астанада өтетін отырыста орын жоқ» деді.
-
АҚШ Сириядағы лаңкестерге әскери көмек көрсетуде
Қаң 18, 2017 10:58Астанада Сирия дағдарысын шешу туралы отырыс өткізуге талпыныстар жасалып жатқан кезде ақпарат құралдары АҚШ үкіметінің Сирия Президенті Башар Асад үкіметіне қарсылас топтарға әскери көмектерін арттырып жатқаны туралы хабарлады.
-
Сирияның лаңкестікпен күрестегі жеңісі – қарсыласу өзегі ынтымақтастығының нәтижесі
Қаң 17, 2017 17:10ИИР президентінің бірінші орынбасары Сирияның лаңкестерге қарсы жеңістерін осы ел халқы мен армиясының және қарсыласу күштерінің жанкештіліктері мен табандылығының, сонымен қатар Иран мен Сирияның майдандық, саяси үйлесімділіктерінің арқасында іске асты деп бағалады.
-
Ресей мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері Сирия туралы сөйлесті
Қаң 17, 2017 10:23Ресей Сыртқы істер министрлігі елдің Сыртқы істер министрінің қазақстандық әріптесімен Сирия дағдарысына қатысты келіссөздерді үйлестіру туралы сөйлескенін хабарлады.
-
Лавров пен Зариф Астанада өтетін бейбітшілік отырысы туралы пікір алмасты
Қаң 17, 2017 10:15Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф пен Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесіп, Астанада өтетін бейбітшілік келіссөздерінің жоспарланған бағдарламаларын талқылады.
-
Теһран, Мәскеу және Анкара Қазақстанда Сирияға қатысты өтетін келіссөзді қолдайды
Қаң 14, 2017 18:28Ресей СІМ Теһран, Мәскеу және Анкараны Қазақстандағы Сирияға қатысты келіссөзді қолдаушы мемлекеттер деп атады.
-
Сирия БҰҰ-дан шапқыншы сионистік режимді жазалауды сұрады
Қаң 14, 2017 10:23Сирия СІМ БҰҰ-ның бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жолдаған екі хатында басқыншы сионистік режимді Сирия жеріне шабуыл жасағаны үшін жазалауды сұрады.
-
Қазақстан Сирия келіссөздерін өз жерінде өткізуге әзірлік танытты
Қаң 11, 2017 18:43Қазақстан СІМ елінің Сирияның бейбіт келіссөздерін өткізуге әзірлігін мәлімдеді.
-
Америкалық ұшақтар 20- дан астам сириялықты өлтірді
Қаң 11, 2017 18:09Ресей қарулы күштері бас штабының төрағасы америкалық бомбалаушы бір ұшақтың Сирияның бір аймағын бомбалауы барысында 20-дан астам әскери емес азаматтың қаза болғанын хабарлады.