Сирия Сауд Арабиясы мен Катарды Астана отырысына қатыстырмау қажеттігін қуаттады
Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясы мен Катардың Астана отырысына қатысуына қатысты айтқан сөзінде: «Лаңкестікті демеуші елдер мен лаңкестерді күшейтіп, жабдықтаушы адамдарға Астанада өтетін отырыста орын жоқ» деді.
Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Меғдад сәрсенбі күні Ливанның «Almayadeen» телеарнасына берген сұхбатта: «Астанада өтетін «сириялық-сириялық» отырысына қатысқысы келетін кісілер Сирияны құрметтеп, лаңкестікпен күресіп, Сирияға қарсы санкциялардың күшін жоюы керек.
Вашингтон ұсынылған шешім жолдарымен әріптестік жасауға қатысты өзінің адалдығын көрсетіп, Сириядағы лаңкестік топтарды қолдамай, лаңкестердің кіруінің алдын алу үшін Сириямен өз шекараларын жабуы үшін Түркияға қысым жасауы керек» деді.
«Сириялық-сириялық» сұхбаттасулар қаңтар айының 23-24 күндері Қазақстанның елордасы Астанада Ресей, Түркия және Иранның қадағалауымен Сирияның дағдарысын саяси жолмен шешуге алғышарт әзірлеу мақсатында өтеді.