-
Иран Президенті сүннит үлемдермен кездесті
Maм 15, 2022 11:11Иран Президенті сүннит үлемдердің бір тобымен кездесуінде ел тарихында сүннит азаматтар мен үлемдердің орнын маңызды деп атап: «Сүннит үлемдер мен ғалымдар өз жеріне көп еңбек сіңірді. Исламдық Иранда шиіттер мен сүнниттер бір-бірімен тату өмір сүріп жатқанына жылдар болды»,-деді.
-
Иран Президенті: Кез келген шетелдік араласу аймақтың қауіпсіздігіне зиян тигізеді
Maм 12, 2022 17:21Иран Президенті Ибраһим Раиси Катар әмірі Тамим бен Хамд әл-Санимен бірге өткізген баспасөз отырысында аймақ мәселелеріне тоқталып: «Шет елдер мен батыстықтардың аймақ істеріне араласуы қауіпсіздікті нығайтпайды»,-деді.
-
Раиси: Иран мен Қырғызстан қарым-қатынасын дамыту нәтижесінде 120 ынтымақтастық құжатына қол қойылды
Maм 10, 2022 15:09Иран Президенті Иран мен Қырғызстан қарым-қатынасының 30 жылдығына орай Қырғызстан Президентіне құттықтау жолдауын жіберіп: "Екі ел байланысын дамыту нәтижесінде әртүрлі салада 120 ынтымақтастық құжатына қол қойылды",-деді.
-
Раиси: Иран Иракта әрдайым бірлік болуын қалайды
Maм 05, 2022 10:44Иран Президенті Теһран үкіметінің Иракта әрдайым бірлік пен біртұтастық болуын қалайтынын айтып: «Иракта соңғы парламенттік сайлаудың саяси үдерісі мықты үкімет құрумен тез арада аяқталады»,-деп үміт білдірді.
-
Раиси: Иран мен Кувейт қарым-қатынасы өзінің шынайы әлеуетіне қайтып оралуы керек
Maм 04, 2022 11:47Иран Президенті Кувейттің аймақтағы қастандықтарға қарсы ұстанымдарын қырағы деп сипаттап, Иран мен Кувейттің бұрын жақсы қарым-қатынасқа ие болғанына тоқталып: «Ежелгі дос екі елдің қарым-қатынасы өзінің шынайы әлеуетіне қайтып оралуы керек»,-деді.
-
Раиси Иран мен Түрікменстан қарым-қатынасын кеңейтуді жылдамдату қажеттігін айтты
Maм 04, 2022 11:18Иран Президенті осы ел мен Түрікменстанның қарым-қатынасын кеңейтуді жылдамдату қажеттігін айтты.
-
Иран мен Тәжікстан басшылары телефон арқылы сұхбаттасты
Maм 02, 2022 15:04Иран мен Тәжікстан басшылары аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін екі елдің үйлесе әрекет етуі қажеттігін баса айтты.
-
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары өнеркәсіпшілер мен өндірушілердің жетістіктерін таныстыру қажеттігін айтты
Сәу 24, 2022 21:04Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Меһди Сафари: «Ирандық өнеркәсіпшілер мен өндірушілердің жетістіктерін таныстыру қажет. Иран СІМ бұл мәселені кесімді түрде қолдауы керек»,-деді.
-
Раиси Горган шығанағының жағдайымен танысты
Нау 04, 2022 18:38Иран Президенті Ибраһим Раиси Гүлістанға сапарының жалғасында Горган шығанағының дағдарысты жағдайымен танысу, судың тартылу деңгейі жəне осы халықаралық экожүйедегі құрғақшылықтың солтүстіктегі үш облысқа əсерін көру үшін шығанаққа барды.
-
Раисидің Катарға сапары - тату көршілестік дипломатиясының үздік үлгісі
Ақп 21, 2022 21:29Иран Президенті Катар əмірінің шақыруымен Дохаға іссапармен барып, екіжақты қарым-қатынасты кеңейту мәселелерін талқылаумен қоса, Газ экспорттаушы елдер ұйымының алтыншы саммитіне қатысады. Иран мен Катардың əріптестік деңгейі жəне осы сапар барысында екі елдің арасында түсіністік меморандумына қол қойылуы тату көршілестіктің үздік үлгісі бола алады.