Горганда Абай мәдени-әдеби орталығы ашылды
https://parstoday.ir/kz/news/uncategorised-i48904
Иранның солтүстігінде орналасқан Гүлстан облысының орталығы Горган қаласындағы Қазақстан республикасының Бас консулдығында Абай мәдени-әдеби орталығы ашылды .
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 10, 2020 04:02 Asia/Almaty
  • Горганда Абай мәдени-әдеби орталығы ашылды

Иранның солтүстігінде орналасқан Гүлстан облысының орталығы Горган қаласындағы Қазақстан республикасының Бас консулдығында Абай мәдени-әдеби орталығы ашылды .

Абай әдеби орталығы

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы және әлемге әйгілі ойшыл әрі философ әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай кеше, 9 қарашада Қазақстан республикасының Горгандағы Бас консулдығында Қазақстан елшісі Асхат Оразбай, Гүлстан облысы әкімінің орынбасары, басқа да лауазымды тұлғалар және ирандық қазақтардың қатысуымен Абай мәдени-әдеби орталығының ресми ашылу салтанаты өтті.

Бұл рәсімде Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін парсы тіліне аударған ирандық қазақ қажы Мұхаммед Шадкам Қазақстан үкіметі тарапынан екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.