Ирактың Рамади қаласының орталығында ұжымдық көр табылды
Қаң 27, 2016 09:28 Asia/Almaty
Ирактың батысындағы әл- Анбар облысының Рамади қаласының полициясы ИСИМ лаңкестік тобы өлтірген осы қаланың тұрғындарына тиесілі бір ұжымдық көрдің табылғанын хабарлады.
Ирактың әл-Анбар облысының қауіпсіздік дереккөздері Рамади полициясының осы қаланың орталығында әл- Жамия аймағын тазарту кезінде барлығы осы қаланың тұрғындары мен әскери күштері болған 40 адам көмілген бір ұжымдық көрді тапты.
Осыған дейін де Ирактағы изадилер ісіне жауапты қайраткерлердің бірі Нейнава облысындағы Санджар қаласын азат ете бастаған кезден ИСИМ тобы ұрлап кеткен изадилерге тиесілі 22 ұжымдық көрдің табылғанын мәлімдеген болатын.