Велаяти: Иран медициналық зерттеулер тұрғысынан аймақта бірінші мәртебеге ие
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i1102-Велаяти_Иран_медициналық_зерттеулер_тұрғысынан_аймақта_бірінші_мәртебеге_ие
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Иранның медициналық зерттеулер тұрғысынан аймақта бірінші орында тұрғанын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 20, 2016 16:15 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран медициналық зерттеулер тұрғысынан аймақта бірінші мәртебеге ие

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Иранның медициналық зерттеулер тұрғысынан аймақта бірінші орында тұрғанын айтты.

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти Теһранда ислам елдерінің мұрындық болуымен денсаулық саласында экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында өткізілген халықаралық конгресте сөйлеген сөзінде Иранның денсаулық, сақтандыру және емдеу саласында аймақ пен әлемдегі ғылыми өсуінің мұсылман ұлттардың ынтымақтастығына себеп болып отырғанын мәлімдеді.

Велаяти кейбір елдерде, соның ішінде Ауғанстан мен Пәкістан және Сирияда мұсылмандардың денсаулығына соғыс пен жікшілдіктің әсер етіп отырғанын, оның емі исламдық мазхабтарды жақындастыруды күшейту болып табылатынын айтты.

Велаяти сондай- ақ денсаулық саласындағы әріптестік пен денсаулық саласындағы технологиялық жетістіктерді таныстыруды және алдағы қиыншылықтарға шолу жасауды ислам елдерінің бастамасымен денсаулық саласында экономикалық байланыстарды кеңейту халықаралық конгресінің өзекті тақырыптары деп атады.