Иран Түркияда болған лаңкестік жарылысты айыптады
ИИР Түркияның Газиантеп қаласында болған лаңкестік әрекетті айыптады.
Иран СІМ-нің ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні Түркия халқы мен үкіметіне тілеулестік білдіріп, сенбі күні кешке Газиантеп қаласында болған лаңкестік әрекетте құрбан болғандардың жанұяларына көңіл айтты.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Осындай лаңкестік әрекетті үйлену тойы болып жатқан жерде жасап, әскери емес қорғансыз адамдарды өлтіру тәкфирлік терроризмнің адамзатқа қарсы сұрқия мақсаттарын тағы да әшкерелеп берді. Бұл мәселенің әлем үшін ауыр қатер екенін көрсетеді. Тәкфиршіл экстремистердің амалдары аймақ елдерінің бейбітшілігі мен тұрақтылығын нысанаға алып отыр. Аймақ елдері осы қатігез құбылыспен шынайы түрде күресуі керек»,-деп баса айтты.
Сенбі күні кешке Түркияның Газиантеп облысында өтіп жатқан үйлену тойы кезінде болған жарылыс салдарынан 50 адам қаза тауып, 90-нан аса адам жараланды.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған өз мәлімдемесінде осы қанды шабуылға ДАИШ лаңкестік тобын жауапты деп атады.