Парсы Шығанағы Ынтымақтастық кеңесі мен Түркияның ортақ мәлімдемесіне Иран жауап берді
(last modified Sat, 15 Oct 2016 15:33:52 GMT )
Қаз 15, 2016 21:33 Asia/Almaty
  • Парсы Шығанағы  Ынтымақтастық кеңесі мен Түркияның ортақ мәлімдемесіне Иран  жауап берді

Иран СІМ "Сирия, Йемен, Бахрейн, Ирак және Ливияның өкінішті жағдайы мен осы елдердегі бейберекеттіктер Эр- Риядта бас қосқан елдердің араласуының салдары болып табылады. Қазір олар өздерінің сәтсіздікке ұшыраған саясатының шешімін өзгелерге айып тағудан тауып отыр" деп мәлімдеді.

Иран СІМ Парсы Шығанағы  Ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер мен Түркия Сыртқы істер министрлерінің эр-Риядтағы бірлескен отырысында қабылданған мәлімдемеге берген жауапта: «Иран ислам республикасы жаппай қырып жоятын қарулардан ада Таяу Шығыс  идеясын көтерген көшбасшы елдердің бірі болды. Егер аталмыш елдер адал болса, осы идеяны жүзеге асыру шеңберінде олармен ынтымақтастық жасауға әзір. Жауапкершілікке жатпайтын араласушылық әрекеттері өзге елдерде бейберекеттік, соғыс және лаңкестікке себеп болды. Өз көршілерінің ұлттық тәуелсіздігін бұзған елдер өзгелерге аймақ істеріне араласпау туралы кеңес беретін дәрежеде емес» деп қуаттады.

Осы мәлімдеме бойынша, Иран ислам республикасы эр-Риядта бас қосқан елдердің Иранның жер тұтастығы мен үштік аралдарға қатысты артық сөздерін айыптап, оны өзге елдердің ісіне араласу деп атады.

 

 

Тегтер