Қар 02, 2016 08:31 Asia/Almaty
  • Велаяти: Мишель Аунның сайлануы - қарсыласу алқасының жеңісі

Мәртебелі жетекшінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Мишель Аунның Ливан президенті болып сайлануын Ливан халқы, Сирия майданы және қарсыласу алқасы үшін үлкен жеңіс деп атады.

Әли Акбар Велаяти Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің тілшісіне берген арнайы сұхбатында Мишель Аунның Ливан президенті болып сайлануының қарсыласу алқасына әсері туралы айтқан сөзінде: «Ливан президенті ретінде ең лайық адамды сайлаудың 30 айға созылуы Ливан президентін сайлау мәселесінің маңыздылығы мен күрделі екендігін көрсетеді.

Ливан Хезболласы Сирия үкіметі мен халқының маңызды одақтасы болып табылады. Ливан Хезболласы Америка, сионистер мен Сауд Арабиясы сияқты аймақтағы ескішілдер тарапынан Сирия халқына қарсы әрекет жасауға әлемнің 80 елінен қызметке алынған жалдамалы кісі өлтірушілердің шабуылы алдында төзімділік танытты. Қазір Ливан президенті жеңіске жетіп, жеңістен кейін сөйлеген алғашқы сөзінде сионистер тарапынан жаулап алынған жерлерді азат етудегі міндетін мәлімдеді. Осының өзі президенттікке сайланған кісінің мақсаттарын көрсетеді» деді.

 

 

 

Тегтер