Мысыр лаңкестікке қарсы шайқаста Сирия мен Иракты қолдайды
Қар 23, 2016 23:37 Asia/Almaty
Мысыр президенті осы елдің лаңкестікке қарсы шайқаста Сирия мен Ирак армиясын қолдайтынын мәлімдеді.
Мысыр президенті Абдолфаттах әс-Сиси Португалия телеарнасына берген сұхбатында лаңкестікке қарсы шайқаста Сирия мен Ирак армиясына қолдау көрсетумен қоса лаңкестерге шынайы қатынас көрсетіп, олардың қару- жарақ қорын үзу қажеттігін қуаттады.
Әс-Сиси Сирия дағдарысына тоқталып: «Каирдің осы дағдарысқа қатысты тұрғысы халықтың қалауы мен осы елдің жер тұтастығын қолдап, Сириядағы қақтығыстарды доғару үшін саяси шешім жолын табу болып табылады» деді.