Әс-Сиси мен Нетаньяху айына екі рет сұхбаттасады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i1897-Әс_Сиси_мен_Нетаньяху_айына_екі_рет_сұхбаттасады
Сионистік режимнің телеарнасы Мысыр Президенті мен Израиль Премьер-министрінің телефон арқылы сұхбаттасатындықтарын мәлім етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 01, 2016 16:06 Asia/Almaty
  • Әс-Сиси мен Нетаньяху айына екі рет сұхбаттасады

Сионистік режимнің телеарнасы Мысыр Президенті мен Израиль Премьер-министрінің телефон арқылы сұхбаттасатындықтарын мәлім етті.

Сионистік режимнің телеарнасы дүйсенбі күні: «Мысыр Президенті Абдулфаттах әс-Сиси екі аптада бір рет Израильдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сұхбаттасып, стратегиялық әріптестік және қауіпсіздік саласындағы үйлесімдік кестесіне қатысты мәселелерді талқылайды»,-деп хабарлады.

Сионистік режимнің телеарнасы, сондай-ақ, Мысыр мен Израиль арасындағы бейбітшілік суық көрінгенімен тараптар арасында қауіпсіздік саласындағы әріптестіктің артқанын да хабарлады.

Сионистік режимнің телеарнасы, сонымен қатар, осы режимнің Мысырдағы елшісі Хаим Куринмен сұхбаттасты. Сонда Курин әс-Сисидің онымен бірнеше рет кездескенін айтты.

Хаим Курин, сондай-ақ, өзімен кездескені үшін Мысыр Парламентінің депутаты Тоуфиқ Акашеге аяқ киімнің лақтырылғанын айтып: «Акаше осы оқиғадан кейін маған телефон шалып, өзінің Тель-Авивке сапармен баруға шешім қабылдағанын айтты»,-деді.