Стамбұлдағы жарылыстардағы құрбандардың саны артуда
(last modified Sun, 11 Dec 2016 08:36:44 GMT )
Жел 11, 2016 14:36 Asia/Almaty
  • Стамбұлдағы жарылыстардағы құрбандардың саны артуда

Түркияның Стамбұл қаласында орын алған жарылыстардағы құрбандардың саны 29 адамға жетті.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркияның ІІМ сенбі күні кешке Стамбұлда орын алған екі жарылыс салдарынан зардап шеккендер санының 166 адамға жеткенін хабарлады.

Аталмыш министрліктің мәлімдеуінше, жарылыс құрбандарының ішінде 27 адам Түркияның полиция қызметкерлері болған.

Түркия ІІМ Сулейман Сойлу: «Осы кезге дейін Стамбұлдағы жарылыстарға қатысы бар он күдікті ұсталып, қамауға алынды»,- деді.

Түркия басшыларының айтуынша, екі жарылыстың бірі «Бешикташ» спорт алаңына қарама-қарсы орналасқан полиция қызметкерлерінің арнайы көлігінің жанында орын алса, екіншісі сол спорт алаңының маңайында орналасқан «Страк Мака» паркінде орын алған.

Түркия президенті Реджеп Тайып  Ердоған  Стамбұлда сенбі күні орын алған лаңкестік шабуылдарды айыптап: «Терроризм тағы да өзінің жексұрын болмысын көрсетті. Өкінішке орай, Стамбұлдағы лаңкестік шабуылдар салдарынан елдің көптеген азаматы қаза тапты. Лаңкестік әрекеттердің атауы мен әдістеріне қарамастан, олардың көздеген мақсаты бір. Алайда, Түркия елі лаңкестіктің кез-келген түрімен күресуде оны түп-тамырымен көзін жоюға кесімді шешім қабылдады».

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым Стамбұлда орын алған лаңкестік жарылыстарға байланысты кеше елде аза тұту күні деп жариялады.

 

 

Тегтер