Аршавин «Қайрат» командасына қосылады
Нау 03, 2016 05:13 Asia/Almaty
Ресей футбол ұлттық құрамасының бұрынғы жұлдызы «Қайрат» командасына қосылады.
«Al-Kare»-нің хабарлауы бойынша, Ресей баспасөзінің 34 жастағы шабуылшы Андрей Аршавиннің еркін ойыншы ретінде Алматының «Қайрат» командасына ауысу үшін келіссөз жүргізіп жатқанын жазған. «Қайрат» командасының мәлімдеуі бойынша, «Еуро- 2008» сайыстарында Ресей командасының бірінші жұлдызы болған Аршавин Ресейдің «Кубань» командасынан бөлінген соң, осы командамен жаттығу жасайды. Аршавин бұдан бұрын Ресейдің «Зенит» пен «Санкт-Петербург» және Ұлыбританияның «Арсенал» командаларының қатарында болған. Бірақ «Кубань» командасына 7 ай мүше болған кезде өзін жақсы көрсете алмады.