Израильдің палестиналық балаларға қарсы қатыгездіктері әлемде жеккөрініш тудырып отыр
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i2041-Израильдің_палестиналық_балаларға_қарсы_қатыгездіктері_әлемде_жеккөрініш_тудырып_отыр
Сионистік режимнің палестиналық балаларға қарсы қатыгездік әрекеттерінің артуы палестиналықтар мен әлемдік қауымдастықтың алаңдаушылығы мен ауқымды наразылықтарын тудырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 03, 2016 14:00 Asia/Almaty
  • Израильдің палестиналық балаларға қарсы қатыгездіктері  әлемде жеккөрініш тудырып отыр

Сионистік режимнің палестиналық балаларға қарсы қатыгездік әрекеттерінің артуы палестиналықтар мен әлемдік қауымдастықтың алаңдаушылығы мен ауқымды наразылықтарын тудырды.

Палестинаның Білім беру министрлігі мен Тұтқындар ісі жөніндегі комитеті сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы басып-жаншу саясаттарын тоқтату мақсатында халықаралық ұйымдардың әріптестігімен науқан ұйымдастырды.

Палестина бұл күндері соңғы он жыл ішінде Израиль режимі әскери қызметкерлерінің палестиналық балаларды ауқымды түрде қамауға алу әрекеттерінің куәсі болып отыр. Өткен қазан айында Құдс интифадасы басталғаннан бергі уақытта ғана 11-17 жас аралағындағы 800-ден астам палестиналық балалар қамауға алынды. Қазіргі таңда 400 бала күндерін абақтыда өткізуде.

Халықаралық науқан кезінде палестиналық балаларды қамауға алуға қарсы жазылған бір миллион хатта «Балаларды қамауға алу – оларды балалық шақтарынан айыру» және «Балаларға сабақ оқу және ойын ойнау мүмкіндігін беріңдер!» деген ұрандар айтылған.

Бұл Халықаралық Амнистия ұйымы израильдік әскери қызметкерлердің палестиналық балалардың құқығын бұзуын және оларды қамауға алуын қатаң сынап отырған жағдайда орын алды.

Жуырда бір сионистік офицердің Ахмад Монасаре есімді бір палестиналық баланы тергеп жатқанын көрсететін бейне жарияланды. Онда әскери қызметкердің балаға мейірімсіз қатынас жасап, дөрекі сөздер айтып, оны ұрып-соққаны көрсетілген.

Құдсты басып алған режимнің палестиналық балалармен мейірімсіз қатынасы халықаралық заңдарға, әсіресе, Балалар құқығы конвенциясының 16 бабына қайшы келеді.

Балалар құқығы конвенциясының 16 бабына сәйкес, балалармен мейірімсіз қатынас жасауға тыйым салынған. Сионистік режимнің палестиналық балалардың құқығын бұзуы аяқталар емес. Израиль әлемдіктердің алдында айқын дөрекілікпен және халықаралық ұйымдардың алдындағы жауапкершіліктен еш қорықпастан палестиналық балаларға қарсы қылмыстарын жалғастырып жатыр.

БҰҰ-ның сионистік режимге қатысты сылбыр саясаттарының жалғасында БҰҰ-ның Бас хатшысы біраз бұрын әлемдік ауқымды өтініштерге қарамастан, Израильді балалардың құқығын бұзушы режимдердің тізіміне қосудан бас тартты. Осылайша, сионистік режимнің қылмыстарына көзжұбайлық танытылғандықтан оның өз қылмыстарын жалғастыруы үшін жағдай жасалды.

БҰҰ мен түрлі халықаралық ұйымдар, соның ішінде, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің Израильдің қылмыстарына қатысты көзжмұбайлығы Израиль режимінің палестиналықтарға қарсы қылмыстарының арта түсуінде ықпалды рөл атқарды.

БҰҰ-ның Израиль режиміне қарсы қатаң шара қолданудағы самарқаулығы осы режимнің дербес құқықтығы мен жауапқа тартылмауы үшін туындаған кеңістікке көмектесті. Бұл мәселе халықаралық ұйымдардың сионистік режимге қатысты енжар қатынасын қайта қарау қажеттілігін күшейтті.

Осындай жағдайда халықаралық ұйымдар селқос саясаттары мен ауызша айыптауларын доғарып, сионистік режимге қарсы халықтық наразылық қозғалыстарына назар аударып, осы аяда қатаң шара қолдану арқылы Израиль режимі қылмыстарының қайталануының алдын алуда ықпалды қадамдар жасауы керек.