Алеппо толығымен Сирия армиясының бақылауына алынды
(last modified Thu, 22 Dec 2016 17:33:38 GMT )
Жел 22, 2016 23:33 Asia/Almaty
  • Алеппо толығымен Сирия армиясының бақылауына алынды

Лондонда орналасқан Сириядағы адам құқығын бақылау орталығы Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласының қазір Сирия армиясының толық бақылауында екендігін мәлімеді.

Сирияның "D Press" сайты бейсенбі күні Лондонда орналасқан Сириядағы адам құқығын бақылау орталығына сілтеме жасап: «Сирия армиясының күштері Алеппоны өз қарамағына өткізді, өйткені қарулы адамдардың соңғы тобы осы қаладан шықты» деп хабарлады.

Шетелде тұратын сириялық қарсыластарға қарасты Сириядағы адам құқығын бақылау орталығы тек Алеппоның батысы мен шығысындағы шағын аймақтың ғана әлі лаңкестердің қарамағында қалғанын мәлімдеді.

Сириядағы БҰҰ-ның жауапты адамы бүгін бейсенбі күні қарулы адамдар мен лаңкестер мінген көліктердің халықаралық бақылау арқылы Алеппоның шығысынан шығып жатқанын  мәлімдеді.

Ресейдің "Спутник" ақпарат агенттігі де Анкарадан Түркия премьер-министрі  Бинали Йылдырымның бейсенбі күні шамамен қырық мың адамның Алеппоның шығысынан шықты деп айтқан сөзіне сілтеме жасады.

Сирия армиясы да егер лаңкестер Алеппоның шығысынан шығуға кедергі жасамаса шығу амалдарының бейсенбі күні аяқталатынын қуаттады.  

 

 

Тегтер