Әлемнің 250 қаласында "Израильдің нәсілшілдігімен күрес апталығы" өткізіледі
Әлемнің 250 қаласы мен университетінде Израильді басып алушы режимнің зорлық-зомбылығына қарсы Палестина халқының құқығын талап ету мақсатында сионизмге қарсы науқан өткізіледі.
Газадағы Израильге қарсы бойкот жариялау ұлттық комитетінің үйлестірушісі Абдуррахман Абу Нахл: "Сионизмге қарсы кампаниялар сионистік режимді академиялық, мәдени және әскери тұрғыдан оқшауландыру шеңберінде өтеді" деді.
Абу Нахл бойкот кампанияларының жетістіктері туралы: "Мұндай кампаниялар өткен жылы Францияның Фиолия компаниясының Израильмен ортақ жобаларынан бас тартуына себеп болды. Францияның Orange компаниясы да Израильдің Partner компаниясымен серіктестігін тоқтатты. АҚШ-тағы Мисуди ашық шіркеуі де Израильге тиесілі 5 банкке бойкот жариялап, оған инвестиция салудан бас тартты" деді.
Газадағы Израильге қарсы бойкот ұлттық комитетінің үйлестірушісі Израильмен қарым-қатынасты тұрақтандыруға бағытталған кез келген әрекеттерді қабылдауға болмайтынын қуаттап: "Ең басты мәселе Палестина жерінің басқыншылығын тоқтату және палестиналық босқындарды үйлеріне қайтару болып табылады" деді.