Стамбулдағы түнгі клубқа жасалған шабуыл салдарынан отыз бес адам қаза болды
(last modified Sun, 01 Jan 2017 10:32:36 GMT )
Қаң 01, 2017 16:32 Asia/Almaty
  • Стамбулдағы түнгі клубқа жасалған шабуыл салдарынан отыз бес адам қаза болды

Жаңа жыл кешінде Түркияның Стамбул қаласындағы түнгі клубтардың біріне үстеріне Аяз Атаның киімін киген қаруланған екі кісі баса көктеп кіріп, клуб қонақтарына оқ жаудырған.

Франция ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сенбіден жексенбіге қараған түні Стамбулдың Ортакой ауданындағы түнгі клубтардың біріне жасалған қарулы шабуылдың салдарынан кемінде отыз бес адам қаза тауып, қырыққа жуық адам жарақат алған.

Стамбул әкімі Васип Шахин аталмыш шабуылды лаңкестік шабуыл деп атап, қаза болғандардың ішінде полиция қызметкері болғанын хабарлады.

Шабуыл салдарынан жарақат алған адамдар ауруханаларға жеткізілді.

Аталмыш хабарламаға сүйенсек, өз жанын құтқару мақсатында көптеген адам Босфор бұғазына секірген. Кейбір куәлардың айтуынша, шабуыл жасағандар араб тілінде сөйлеген.

Түркия БАҚ құралдарының хабарлауынша, аталмыш түнгі клубта кемінде жеті жүзге жуық адам болған.

 

Тегтер