Сирия Халықтық кеңесінің өкілі Астана отырысын қолдады
Қаң 15, 2017 21:05 Asia/Almaty
Сирия Халықтық кеңесіндегі Алеппо халқының өкілі Қазақстанның елордасы Астанада өтетін отырысты сириялық шешім деп атады.
Сирия Халықтық кеңесіндегі Алеппо халқының өкілі Маһер Мұхаммад әл- Мауқе: «Астана отырысы алға қарай жасалатын және түзу бағыттағы қадам болып табылады. Бұл Сирия үкіметінің «сириялық-сириялық» сұхбаттасуларға негізделген жобасы болды» деді. Сирия дағдарысын шешуді көздеген Астана келіссөздері 23-ші қаңтарда Сирия үкіметі мен оның қарсыластары өкілдерінің қатысуымен, Түркия мен Ресейдің қадағалауымен өтуі тиіс.