Тунистің Бен Кардан қаласында 53 адам қаза тапты
Нау 08, 2016 11:05 Asia/Almaty
Тунистің Ішкі істер министрлігі осы елдің оңтүстік-шығысындағы Бен Кардан қаласында қауіпсіздік күштерінің қарулы адамдармен қақтығысында қаза болғандардың санын 53 адам деп хабарлады.
Тунистің Ішкі істер министрлігі: «Осы қақтығыс салдарынан 53 адам мерт болды. Соның ішінде 35 адам қарулы адамдар, қалғандары қауіпсіздік күштерінің адамдары мен қарапайым азаматтар болған»,-деп хабарлады. Осыған дейін Бен Кардан қақтығысында қаза болғандардың саны 45 адам деп жарияланған болатын. Бұл шабуыл реакционерлердің Тунистегі ең қатыгез шабуылдарының бірі саналады.