Қаң 26, 2017 21:20 Asia/Almaty
  • Әмир Абдоллаһиян Дамаскте Башар Асадпен ақылдасты

Сирия президенті Иран ислам республикасының осы елдің алты жылға созылған дағдарысында Сирия халқының ең үлкен демеушісі болғанын айтты.

Сирия президенті Башар Асад бейсенбі күні Дамаскте Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының арнайы кеңесшісі Хосейн Әмир Абдоллаһиянмен кездесуде Сирия қарсыласуының тәкфирлік лаңкестерге қарсы соңғы жеңістеріне сілтеме жасап, Иранды осы жеңістерде Сирияның серіктесі деп атады.

Хосейн Әмир Абдоллаһиян да осы кездесуде Сирия президентін Алеппо қаласындағы майдандық жеңістер мен Астанадағы келіссөздердегі саяси жеңістерімен құттықтады.

л сондай- ақ осыдан бұрын палестиналық басшылармен кездесіп, аймақ және Палестинадағы соңғы өзгерістер туралы сұхбаттасқан болатын.

Палестиналық жетекшілер де осы кездесулерде кейбір елдердің сионистік режиммен қарым- қатынастарын  қалпына келтіру үшін ашық және жасырын түрде жасап жатқан талпыныстарын Палестина халқының арманы мен Құдстың азаттығы үшін қиянат деп атады.

 

 

Тегтер