"Мұсылман бауырлары" ұйымының бірнеше жетекшісі өмір бойы бас бостандығынан айырылды
Ақп 19, 2017 23:45 Asia/Almaty
Мысырдың Қылмыстық соты "Мұсылман бауырлары" ұйымының бірнеше жетекшісін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Мысырдың әл-Минуфия облысының қылмыстық соты 2015 жылы қатыгездік пен қарулы әрекеттерге арандату айыбымен «Мұсылман бауырлары» ұйымының 29 жетекшісіне сырттай өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Мысыр басшылары осы елдің бұрынғы президенті Мұхаммад Морси биліктен кеткеннен бері «Мұсылман бауырлары» ұйымын жақтаушы мыңдаған адамды сотқа тартып, жүздеген адамды ұзақ уақытқа немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті.