Бахрейндегі жуырдағы оқиғалар – эр-Рияд отырысының жаңғырығы
Ливан қарсыласу қозғалысының үлемдері дүниежүзілік одағының бас хатшысы: «Бахрейнде жуырда орын алған қақтығысты эр-Рияд отырысына қатыссыз деп санауға болмайды, өйткені бұл отырыста АҚШ Президенті өз елінің аймақтағы реакцияшыл үкіметтерді қолдайтынын жариялады»,-деп баса айтты.
Ливан қарсыласу қозғалысының үлемдері дүниежүзілік одағының бас хатшысы шейх Маһер Хомуд: «Шейхтер басқаратын елдер АҚШ-тың көмек-қолдауынсыз тіршілік ете алмайды»,-деп қуаттады. АҚШ Президенті Дональд Трамп бұдан бұрын өз елінің осы үкіметтерді құрғанын, сондықтан осы қызметтің ақысын алуы керектігін мәлімдеген болатын.
Ливан қарсыласу қозғалысының үлемдері дүниежүзілік одағының бас хатшысы: «Бахрейн режимінің қарым-қатынасы таңданыс тудырмайды, өйткені бұл режимнің қатынасы Ұлыбритания, содан кейін АҚШ-тың боданында болған кездегі қатынасқа сәйкес келеді»,-деді.
Хомуд Бахрейн халқының талаптарын қарапайым да қисынды деп атап: «Бахрейндіктер өздерінің қарапайым саяси құқықтарын талап етеді, алайда Бахрейн үкіметі осы талаптардың орындалуына қатысты кез-келген диалогқа қарсы әрі қорғансыз азаматтармен қатынаста білектің күшін қолданады»,-деді.
Бахрейн күштері сейсенбі күні шейх Иса Ғасемнің туған жері әд-Дераз ауданына шабуыл жасап, полиция қызметкерлері шерушілерге оқ жаудырды. Соның салдарынан 100-ден астам адам жараланып, 300-ге жуық адам қамауға алынды.
Бахрейн халқы 2011 жылдан бері Халифе әулеті режимінің басып-жаншу саясаттарына қарсы жаппай наразылық білдіріп келеді.