Маусым 27, 2017 20:36 Asia/Almaty
  • Сирияның Қанитере қаласында Джебхат ан-Нусраттың 45 лаңкесі өлді

Ақпарат көздері Сирияның оңтүстігіндегі Қанитере қаласында Сирия армиясымен қақтығыстарында Джебхат ан-Нусрат лаңкестік тобының 45 лаңкесінің өліп, жараланғаны туралы хабарлады.

Сирия армиясы жексенбі күні кешке кең ауқымды қақтығыстардан кейін Джебхат ан-Нусрат лаңкестерінің Баас қаласының айналасындағы сириялық күштердің позицияларына қарсы  шабуылдарын  тоқтатты. Қақтығыстарда 45 лаңкес өліп, 130 лаңкес жараланды. Осы мәлімет бойынша жарақат алғандардың көбі басып алынған жерлердегі  сионистік режимнің ауруханаларына жеткізілген. Израиль армиясы да өткен екі күні Сирия армиясын танк және әскери ұшақтармен нысанаға алды.

 

 

Тегтер