Маусым 19, 2018 11:33 Asia/Almaty
  • Әл-Ходейда шайқасы кезінде саудиялық жалдамалылар өлтірілді

Йеменнің батыс жағалуындағы әл-Ходейдадағы шайқастарда саудиялық басқыншыларға қарасты жалдамалылар, соның ішінде олардың бір топ майдандық қолбасшылары өлтіріліп, тағы басқа жүздеген адамы жараланды.

Al Alam арнасының мәліметіне сәйкес, Йеменнің әскери күштері мен халықтық комиттеттері жалдамалылардың 44-тен астам сауытты әскери көлігін жойған.

Сонымен қатар, Йеменнің әскери күштері мен халықтық комитеттерінің Йеменнің оңтүстігіндегі Дале облысындағы шабуылдық амалдары кезінде Джамаш, Хеджлан және Марис аудандарында саудиялық режимнің бірқатар жалдамалылары өлтіріліп, жараланған.

Әд-Ходейда облысы әкімінің орынбасары әрі Йеменнің Көшпенді тайпалар басшылары кеңесінің төрағасы Әли Қашар екі күн бұрын Йеменнің батысына аттанған БАӘ Әскерінің бірлескен штаб қолбасшысының орынбасары Иса Сейф бин Аблан әл-Мазруи мен осы елдің бір топ офицерлерінің өлтірілгенін хабарлады.

Йемен Қарсыласу күштерінің басқыншылардың әл-Ходейдадағы бір әскери кемесін басып алуының нәтижесінде бір йемендік ақпарат көзі бүгін Al Akhbar басылымына берген сұхбатында: "Франция азаматтары болып табылатын осы айлақта тыңшылықпен айналысқан бұл кеме экипажының миссиясы тоқтатылды",- деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер