Насролла: Келешектегі соғыс Израильге үлкен шығын келтіреді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i3067-Насролла_Келешектегі_соғыс_Израильге_үлкен_шығын_келтіреді
Ливан Хизболласының Бас хатшысы «Израильдің келешектегі Ливанға қарсы кез келген соғысы сионистер үшін үлкен шығын келтіреді» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 22, 2016 09:55 Asia/Almaty
  • Насролла: Келешектегі соғыс Израильге үлкен шығын келтіреді

Ливан Хизболласының Бас хатшысы «Израильдің келешектегі Ливанға қарсы кез келген соғысы сионистер үшін үлкен шығын келтіреді» деді.

Al mayadeen телеарнасының мәліметі бойынша, Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла дүйсенбі күні кешке аймақтағы өзгерістерге, әсіресе сионистік режимнің Ливанға қарсы қоқан-лоққыларына тоқталып: «Израиль АҚШ-тың рұқсатынсыз ешбір соғысқа қатыспайды. Бірақ егер соғыс бастайтын болса, ауыр құн төлейді. Израиль Ливанға шабуыл жасайтын болса, басып алынған жерлердің әр аймағын, әсіресе бұл режимнің ядролық нысандарын нысанаға алуға хақымыз бар. Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің Хизболланы лаңкестік топ деп жариялауы саудиялықтардың шешімі. Бұл кеңестің басқа мүшелері оған қарсы. Шын мәнінде бізді лаңкес санайтын Сауд Арабиясының халқы емес, Сауд режимі»,- деп мәлімдеді.