Кувейт Әмірі: Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесі құлау қарсаңында
Қаз 25, 2017 10:07 Asia/Almaty
Кувейт Әмірі Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастықтық кеңесінің құлдырау үдерісін араб елдері әріптестіктерінің соңғы платформасының құлауы деп санайды.
Кувейт Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер әл-Сабах Арабстан, Катар, БАӘ, Бахрейн, Кувейт, Оман елдерінен тұратын Парсы шығанағы ынтымақтастық елдері кеңесінің мүшелері арасындағы қайшылықтардың үдей түсуін аймақ үшін алаңдарлық жайт деп атап, оларды тыныштық сақтауға шақырды.
Сауд Арабиясы, БАӘ, Мысыр, Бахрейн елдері маусым айында Катардың Сауд Арабиясының саясатын қолдамауына байланысты бұл елмен саяси және сауда қарым-қатынастарын үзіп, әуе және теңіз жолдарын жапқан болатын.