Мысыр әскерилері үкіметтің қарсыластарын аяусыз азаптауда
Адам құқығын қорғаушы ұйымдар мысырлық әскерилердің үкіметтің қарсыластарын аяусыз азаптап жатқанын әшкереледі.
«Alalam» арнасы ақпарат торабының мәлімдеуінше, Адам құқығын қорғаушы ұйымдар бейсенбі күні мәлімет жариялап, Мысыр президенті Абдолфаттах әс-Сисидің қарсыластарының арқанмен дарға асылып, суда электрлік шок арқылы азапталып жатқандарын қуаттады.
Осы ұйым өз мәліметінің жалғасында: «Қазіргі кезде Мысыр түрмелерінің жағдайы 2011 жылы тақтан тайдырылған Хосни Мүбарактің президенттігі кезімен салыстырғанда сорақылау әрі өкінішті болып отыр» деп баса айтты.
«Times» газеті бұл туралы: «Абдолфаттах әс-Сиси 2013 жылғы әскери төңкерістен кейін билікті қолға алып, халықты қатыгездікпен басып-жаншуға кірісті. Соның барысында өзіне қарсылас деп ойлаған ондаған мың адамды құрықтап, жүздеген кісіні өлтірді» деп жазды.