Мысырдың орталық аудиторлық агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды
(last modified Wed, 30 Mar 2016 07:11:32 GMT )
Нау 30, 2016 13:11 Asia/Almaty
  • Мысырдың орталық аудиторлық агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды

Мысыр президенті осы елдің орталық аудиторлық агенттігінің төрағасын лауазымынан босатты.

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси дүйсенбі күні осы елдің орталық аудиторлық агенттігінің төрағасы Хешам Джаниені лауазымынан босатты. Мысырдың орталық аудиторлық агенттігі төрағасының қызметінен босатылуының себебі жариялаған жоқ. Дүйсенбі күні де Мысыр сотының жоғары кеңесі 32 судьяны Мысыр армиясының осы ел халқының тұңғыш қалаулы президенті Мұхаммад Морсиді 2013 жылы биліктен шеттету шарасына қарсылық танытқандарына байланысты мәжбүрлі түрде отставкаға жіберді. Осы судьялар Мұхаммад Морсиді биліктен шеттетуді заңсыз санап, оны ресми түрде мойындамаған болатын.

Мұхаммад Морси 2013 жылдың шілде айында Мысыр армиясының сол кездегі қолбасшысы және осы елдің қазіргі президенті Абдель Фаттах ас-Сисидің мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруымен биліктен шеттетілді.

Тегтер