Сионистер ибрахимдық мешітте азан шақыруға тыйым салды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i3628-Сионистер_ибрахимдық_мешітте_азан_шақыруға_тыйым_салды
Палестинаның Уқаф министрі шейх Юсеф Эдрис сионистік режимнің әл- Халил қаласындағы ибрахимдық мешітті еврейлендіру жолындағы талпынысына сілтеме жасап: "Осы режим өткен айда 51 рет осы мешіттен азан шақыруға кедергі жасады" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 03, 2016 17:05 Asia/Almaty
  • Сионистер ибрахимдық мешітте азан шақыруға тыйым салды

Палестинаның Уқаф министрі шейх Юсеф Эдрис сионистік режимнің әл- Халил қаласындағы ибрахимдық мешітті еврейлендіру жолындағы талпынысына сілтеме жасап: "Осы режим өткен айда 51 рет осы мешіттен азан шақыруға кедергі жасады" деді.

Палестинаның Уқаф министрі әл- Халилдегі ибрахимдық мешіттен азан шақыруға бөгет жасауды сионистердің қасиетті мекенді қорлауы деп атап: "Израильдің басқыншы режимі ибрахимдық мешіттің негізгі кіреберістерінде тексеру пункттерін құру арқылы палестиналық намазхандардың мешіттің ішіне кіруіне тосқауыл болуда" деді.