Сәу 22, 2018 15:04 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының патша сарайына жақын жерде атыс болғаны туралы қарама-қайшы хабарлар жарияланды

Сауд Арабиясының басшылары мен ақпарат құралдарының сенбі күні кешке эр-Риядта болған атыс туралы бірнеше сағаттық үнсіздігінен кейін Сауд режимінің ресми ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының патша сарайына жақын жерде болған атысқа бір ойыншық дронның жақындап келуі себеп болды деген уәж айтты.

Fars ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының эр-Риядтағы полиция басқармасының ақпарат өкілі қарама-қайшы сөз айтып: "Қауіпсіздік күштері осы кішкентай дронға қарай оқ атып, оның көзін жойды. Қауіпсіздікке қатысты ешқандай оқиға орын алмады",-деді.  

Сауд Арабиясы полициясының ақпарат өкілі саудиялық Sabq News газетінің интернет сайты жариялаған  мәлімет негізінде: "Мұндай дрондарды ұшыруға рұқсат берілмеген. Сол себепті қауіпсіздік күштерінің бұйрық бойынша әрекет етуі қажет болды",-деді.

Саудиялық наразыларға қатысты ақпарат көздері осы елдің Құрлық күштерінің бір жоғары дәрежелі офицерінің төңкеріс жасап, патша мен тақ мұрагерін өлтіруге талпыныс жасауы мүмкіндігін хабарлады.

Расталмаған кейбір ақпараттар да осы атыста Сауд патшасы Малек Салманның жараланғаны, оның ауруханаға жеткізілгені және алты адамның қаза болғаны туралы хабарлады.

Осындай жағдайда аймақтағы кейбір ақпарат құралдары эр-Риядтың көгінде барлық ұшақтардың ұшуына тыйым салынып, саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның арнайы гвардиясының құрлық пен әуедегі жолдарды бақылауға алғанын хабарлады.

 

 

Тегтер